Солтүстік Қазақстан газеті

АРУЛАР АНТ БЕРДІ

Печать PDF

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әскери кафедрасын 28 қыз тамамдап, офицер шенін алып шықты.

argaiv1977

Еңселі білім ордасында әскери кафедра жиырма жылдан бері жұмыс істейді. Биыл оның қабырғасынан офицер қыздар бірінші рет түлеп ұшты. “Осыдан екі жыл бұрын әскери кафедраға қыздар да қабылданған болатын. Осы уақыт бедерінде олар өздерін психологиялық, тактикалық шеберлігі, атыс қаруларын меңгеру жағынан жақсы дайындықта рын көрсете білді. Мемлекеттік сынақ емтихандарынан мүдірмей өтті”, – деді ант қабылдау рәсімінде сөйлеген сөзінде әскери кафедраның меңгерушісі, полковник Совет Әлжапаров. Лейтенант шенін алып шыққандардың бірі Диана Жетпісованың айтуынша, ант қабылдау, Отанға қызмет ету ол үшін басты мұрат болып табылады. Карина Айтмағанбетова жас кезінен әскери қызметкер болуды армандапты. Әскери әзірліктің талаптарынан ойдағыдай өткен ол әскери психолог болуды мақсат етіп отыр.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау