Солтүстік Қазақстан газеті

Жарна жайлы білгім келеді

Печать PDF

Жұмыс беруші әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына мен үшін жарна төлеп жатқанын қалай білуге болады?

argaiv1797

Гүлнәз ЖАНБАТЫРОВА,

Петропавл қаласының тұрғыны.

Оқырманымыздың бұл сұрағына “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры Лариса Гордеева жауап береді:

– Егер сіздің интернетке кіруге мүмкіндігіңіз болса, онда сіз, медициналық сақтандыру қорынан сақтандыру жарналарының аударылуы туралы ақпаратты автоматты түрде жеке электронды поштаңыздан ала аласыз немесе жеке мәліметтеріңізді көрсете отырып, қорға ресми түрде сұрату жіберуге болады.

Егер интернетке кіруге мүмкіндігіңіз болмаса, онда сақтандырылғаныңыз туралы сіз бекітілген емханаға хабарласып білуіңіз керек.

Заңнамаға сәйкес жұмыс беруші есепті айдан кейінгі айдың 15-ші күнінен кешіктірмей ай сайын аударымдар мен жарналар төленетін жұмысшыларына есептелген және аударылған салымдар мен жарналар туралы мәліметті ұсынуға міндетті.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау