Солтүстік Қазақстан газеті

АСҚАБАҚТЫҢ ПАЙДАСЫ МОЛ

Печать PDF

Кез келген көкөніс немесе жемісті тұтынудан бұрын дәрігерден кеңес алған дұрыс. Себебі, ең пайдалы деген көкөністердің өзінде де адамның денсаулығына қауіпті аллергиялық ферменттер бар болуы мүмкін.

argaiv1934

Ал асқабақ ең төмен калориялы көкөністердің санатына кіреді. Оның энергетикалық құндылығы 100 грамда 26 килокалорий болып келеді. Сондай-ақ, асқабақтың құрамында холестерин де, майлы ферменттер де кезікпейді. Аталған көкөніс холестерин деңгейін бақылап, артық салмақтан арылғысы келетіндерге диеталық азық ретінде ұсынылады. А дәрумені адам терісінің толыққанды демалуын қамтамасыз ететін табиғи антиоксидант болып келеді. Ол сонымен қатар көздің көруін тұрақты қалыпта ұстауға көмектеседі. Ғылыми тәжірибелердің нәтижесі көрсеткендей, А дәруменіне бай көкөністер өкпе мен тыныс жолдарында пайда болатын қатерлі ісіктен қорғай алатын белгілі бір қорғанышты қабатты құрауға көмектеседі. Асқабақтың құрамында альфа және бета-каротин, крип-токсантин, лютеин мен зеаксантин секілді табиғи полифенолды антиоксиданттар бар. Каротиндер көбіне А дәруменінің ағзасында қалыптасады.

Зеаксантин көзде болатын сары дақтар құрамындағы ультракүлгін сәулелерді тазалайтын табиғи антиоксидант болып табылады. Бұл табиғи тазалау процесі, әсіресе, жасы үлкен кісілерді көз ауруларынан сақтайды.

Мыс, кальций, калий және фосфор элементтерін қажет ететін адамның ағзасына да ақсабақ тұтынған пайдалы болады.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау