Солтүстік Қазақстан газеті

Ауру — астан

Печать PDF

Жаз айларында дүкен сөрелері көкөністер мен жеміс-жидекке толы болады. Бұл адам ағзасын дәрумендерге толтыратын ең қолайлы кезең. Осы кезде, жіті ішек жұқпаларына шалдығу қаупі де жоғарылайды.

argaiv1797

Жіті ішек жұқпалары дегеніміз – бірнеше аурулар топтамасы, ол асқазан-ішек жолына қатты әсер етіп, улану белгілерімен өтеді. Ішек жұқпаларының қоздырғыштары бөлек топтамалы бактериялар (шигелла, сальмонелла және т.б.), патогенді микробтар, вирустар (ротавирус, энтеро-вирус және т.б.) болып табылады.

Ішек жұқпаларының ішінде қантышқақ, сальмонеллез, тағамды токсикожұқпа, ротавирусты және энтеровирусты жұқпалар кең таралған. Ішек жұқпаларының қоздырғыштары өте көп, бірақ клиникалық көрсеткіші бірдей десек те болады. Аурудың ең басында әлсіздік, бас ауруы пайда болып, дене қызуы көтеріліп, жүрек айнып, іш ауырады.

Бұл белгілер байқалса, тез дәрігерге көріну қажет. Үйде емделу аурудың тек жеңіл түрлерінде мүмкін және дәрігердің бақылауымен өтуі қажет. Басқа отбасы мүшелерінің ауруға шалдығуын болдырмау үшін науқасты оңашалауға тырысыңыз.

Өткір ішек жұқпасына балалар жиі ұшырайды. Ол ересек адамдарға қарағанда, балалардың ағзасындағы сілекеймен асқазандағы бактерицидті күшінің нашарлығына байланысты. Ішек жұқпа қоздырғышы ауызға түскен кезде тез арада ішекке өтіп кетеді. Кейбір кезде бала ауруды жеңіл қабылдайды, оған қарамастан, жұқпа процесі созылмалы болып, зардабы зор болуы мүмкін. Ересектерде кездесетін – гастрит, колит, дуоденит және т.б. асқазан-ішек жолының созылмалы ауруларының себебі, бала кезінде олардың өткір ішек ауруларын бастан кешіргенінен болып жатады.

Ауырмау үшін, не істеу керек:

– суды кездейсоқ жерлерде ішпеңіз. Ішек жұқпаларын болдырмау үшін, тек қайнатылған, артезиан немесе минералды суды қолданыңыз;

– тағам өнімдерін мұқият пісіріп, қуырыңыз. Термикалық өңдеуге жатпайтын тағам өнімдерін жақсылап қайнаған сумен жуу керек;

– қарбызды кесілген күйде сатып алмаңыз;

– дайын тамақты екі сағаттан артыққа қалдырмаңыз;

– балаларға арналған тамақты бір рет қолданатындай және сақталмайтындай әзірлеу керек;

– өнімді сатып алған кезде міндетті түрде сақталу мерзіміне назар аударыңыз;

– өнімді көшеде сауда жасайтын адамдардан сатып алмаңыз;

– тамақтану алдында және дәретханаға барған соң қолды сабындап жуыңыз.

Юлия ГАЙСИНА,

облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бас маманы.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау