Солтүстік Қазақстан газеті

КЕҢЕЙГЕН МҮМКІНДІКТЕР

Печать PDF

Еліміздің экономикасын дамыту, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған әр Жолдауында агроөнер-кәсіп кешені алдына нақты міндеттер мен тапсырмалар қоятындығы белгілі. Мақсат – асыл- тұқымды мал өсіру арқылы оның санын көбейту, ет өнімін өндіруді арттыру. Осы орайда мемлекеттік қолдауды ұтымды пайдаланып, бастамашылдық танытып жүрген жерлестеріміз баршылық.

argaiv1582

Өңірімізде атакәсіпті қолға алғандардың арасында нәзік жандар да жеткілікті. Есіл ауданының орталығы – Явленка ауылының тұрғыны Динара Тілеуғазинаның көп жылғы арманы мал шаруашылығымен айналысу болатын. Аудандық кәсіпкерлікті қолдау орталығының мамандары мал шаруашылығымен айналысуға ниеті бар оған көмек қолын созды. Орталықтың кеңесшілері Динара Тілеуғазинаға несие алу үшін құжаттар пакетін дайындау, кепілдік мүліктің құжаттарын реттеу, бизнес-жоспар құру, барлық қажетті анықтамаларды алу бойынша көмек берді. Сөйтіп, жеке кәсіпкер “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ-ы арқылы 5 миллион теңге мөлшерінде несие рәсімдеп, арманына бір қадам жақындай түсті. Мәселесінің оң шешілуіне оның “Бизнес-кеңесші” жобасы аясында білім алғаны үлкен септігін тигізді. Бүгіндері кәсіпкер қара мал мен жылқы сатып алуда.

Мамлют ауданындағы Леденево ауылының тұрғыны Майра Осипова да мал шаруашылығымен айналысуға бел буғандардың бірі. Ол “Жұмыспен қамтудың жол картасы” бағдарламасы аясында 1,3 млн. теңгенің несиесіне қол жеткізіп, бұл қаржыға сүтті бағыттағы жергілікті алты сиырды сатып алды. Ал Аққайың ауданындағы Смирново ауылының тұрғыны Бақытжан Қанафин палатаның арнайы оқыту курстарынан өткеннен кейін мемлекеттің қолдауының арқасында қорасындағы мал басын көбейтті.

Бір сөзбен айтқанда, өңірімізде мемлекеттік қолдаудың арқасында мал шаруашылығында алымды істер атқарылуда. Жетістіктер бар, алайда, жұмыла тындырар жұмыс бұдан да ауқымды.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау