Солтүстік Қазақстан газеті

УАҚЫТПЕН ҮНДЕС

Печать PDF

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары облыс прокурорларымен кездесіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Жолдауынан туындайтын міндеттер төңірегінде сөз қозғады.

argaiv1087

– Мен Еуропа елдерінің біразында болдым. Бұрынғымен салыстырғанда олардың бүгінгі тыныс-тіршілігі әлдеқайда өзгерген. Англия, Италия, Германия сияқты дамыған елдерде лаңкестік әрекеттер жиі орын алып, елден тұрақтылық, тұрғындардан тыныштық кеткен. Осы орайда біз радикалды ислам ағымдарының елімізге енуін болдырмауымыз қажет, – деді Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының жаңа Жолдауы – түрлі сын-қатерлердің алдын алуға бағытталған маңызды құжат.

Кездесуде Бектас Әбдіханұлы елімізде “Прокуратура туралы” жаңа заң күшіне енгенін тілге тиек етіп, заңдылықты қадағалаушы органның құзыретіне қатысты бір-қатар өзгертулер жасалғанын айтты. Бүгінгі күнге дейін прокуратураның міндеті қандай, бұл орган қалай жұмыс істеуі керек, оның қызметі қай салаларды қамтуы тиіс деген сұрақтар туындап келген еді. Себебі, бұрын атқарушы орган шешуі тиіс көптеген мәселелер прокурорлардың қарауында болған. Енді прокуратура қадағалаушы орган ретінде тікелей өз қызметімен айналысуда.

Ал Парламент Сенатының депутаты Ерік Сұлтанов өңірімізде соңғы жылдары бірқатар жұмыстар атқарылғанын тілге тиек етіп, алда біраз міндеттердің тұрғанын айтып өтті.

Сенаторлар алдағы күндері еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізбек.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау