Солтүстік Қазақстан газеті

Атакәсіп — береке бастауы

Печать PDF

Уәлиханов ауданының кәсіпкері Ерлан Ысқақов ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін ашпас бұрын облыстық кәсіпкерлер палатасының аудандық бөліміне барып, бұл істің қырсырына қанықты.

argaiv1208

Ондағы ұйымдастырылған семинарда өзіне қажетті біраз ақпарат алып, “Күзексай” кооперативін құрды. Биыл кооператив сүт сатып алу, сақтау, өңдеу жұмысын бастап кетті. Күзексай ауылы мен маңындағы елді мекендерден сүтті жинау үшін 277 адаммен келісім жасалған.

Ерлан Ысқақов – аудандағы іскер кәсіпкерлердің бірі. Бұған дейін ол “Сыбаға” бағдарламасы бойынша мемлекеттік қордан 23 миллион теңгеге жуық несиеге қол жеткізіп, 135 сиыр сатып алған. Өз қаржысына мал қорасын салды. Биыл “Ауыл шаруашылығын қолдау қоры” акционерлік қоғамы арқылы сүтті сақтайтын танкер сатып алды. Кәсіпкер бұл істі одан әрі кеңейте түспек. Келешекте сүт және сүт өнімдерін шығаратын шағын зауыт салмақ. Жобасы жүзеге асса, елу адамды жұмыспен қамтитын болады.

– Бүгінде жұмыс істеп, кәсіп етемін деген адамға мемлекеттің көмегі зор. Алты пайызбен 78 айға жеңілдетілген несие алуға болады. Бастапқы бір жарым жылға үзіліс беріледі. Осы кезде талабы бар адам бизнесін бір қалыпқа түсіріп алады. Мемлекеттік бағдарламаның несібесін көріп отырған адам ретінде жерлестерімді кәсіпкерлікпен айналысудан қорықпауға шақырамын, – дейді Ерлан Ысқақов.

Уәлиханов ауданында бүгіндері 13 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жұмыс істейді. Оның он екісі мал шаруашылығымен, біреуі егіншілікпен айналысады.

Альбина ҒАЛЫМОВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының

баспасөз хатшысы.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау