Солтүстік Қазақстан газеті

КҮДІКТІ ҚАМАУДА

Печать PDF

Мамлют ауданының Воскресеновка ауылында тұратын 50 жастағы әйелдің көрінбей кеткені алдымен учаскелік полицейдің күдігін тудырады. Ұшты-күйлі жоғалып кеткен ауыл тұрғыны маскүнемдікке бейім тұлға ретінде есепте тұрған еді.

argaiv1977

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген тәртіп сақшылары жоғалған әйелді ауыл сыртында өліп жатқан жерінен тауып алды. Оқиғаның мән-жайын анықтап, күдіктіні қолға түсіру де оларға қиындық тудырған жоқ. Бұл арада полиция қызметкерлеріне бейнебақылау камераларының көмегі тиді. Аудан бойынша барлығы мұндай 57 құрылғы орнатылса, соның 30-ы ауылдық жерлерге қойылған.

– Ауылға кірген және шыққан автокөліктердің тізімі жасалып, бәрі тексерілді және тұрғындардан жауап алынды. Нәтижесінде 27 жастағы еразаматтың бұл қылмысқа қатысы бары белгілі болды. Ол бірден қамауға алынды, – дейді Мамлют аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Серік Әлжанов.

Жәбірленушінің денесінен жарақат іздері табылған. Белгілі болғандай, ол күдіктінің көлігіне мініп, ауыл сыртына шыққан. Әрі қарай оқиғаның қалай өрбігенін анықтау үшін тәртіп сақшылары тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Айгүл ЫСҚАҚОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау