Солтүстік Қазақстан газеті

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС

Печать PDF

Жыл басынан бері облыстық наркологиялық диспансер мамандарының көмегіне 400-дей адам жүгінсе, соның жүзден астамы – нашақорлықпен күресушілер. Бүгінгі күні дәрігерлер қарауында 7100-ден астам науқас бар.

argaiv1934

Нашақорлықтан арыла алмай жүргендердің бірі – Артур есірткіге 18 жасынан әуестене бастаған. Ел қатарлы өмір сүргісі келгенімен, оның құрсауынан өз бетінше шыға алар емес.

– Психобелсенді заттарға әуестеніп алғандарға білікті мамандардың көмегі ауадай қажет. Нашақорлар наркологиялық диспансерге анонимді түрде келе алады. Бүгінде шприцтерді, инелерді және инъекциялық құралдарды бірлесіп пайдаланудың салдарынан жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі жоғары, – дейді облыстық наркологиялық диспансердің бас дәрігері Дәуренбек Бейсембаев.

Бүгінде барлық қалалық емханаларда наркологтар мен психологтардың кабинеті жұмыс істеуде. Онда аталған мамандар маскүнемдер мен нашақорларға және олардың туыстарына кеңес береді. Сондай-ақ, өңір бойынша 47-57-25 сенім телефоны жұмыс істейді. Жыл басынан бері үш мыңнан астам солтүстікқазақстандық мамандардың көмегіне жүгінген.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау