Солтүстік Қазақстан газеті

Оқыс оқиғалар қайталанбасын

Печать PDF

Орманды өрттен, адамдарды суда қаза болудан сақтау үшін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мамандары жылжымалы баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.

argaiv1900

Ол Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылының маңында өтті. Брифингті ашқан департаменттің өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және алдын алу қызметі басқармасының бастығы, азаматтық қорғаныс подполковнигі Денис Шуваев журналистерге облыс аумағында орын алған төтенше оқиғалар және олардың алдын алу бойынша мекеменің жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтып берді. Жыл басынан бері 27 орман мен дала өрті тіркелген. Басқарма мамандары өз міндеттеріне сәйкес шаруашылықтар мен елді мекендерде және тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік шараларының орындалуын талап етуде.

Кездесу орны ретінде Бәйтерек ауылы кездейсоқ таңдалып алынбаған. Биылғы жаздың басында мұнда жас жігіт суға батып кеткен болатын. Ол жер суға түсуге арналмаған. Оқиғаның қайталануына жол бермеу үшін мекеме қызметкерлері бұл ауылдың тұрғындарымен жиі кездеседі.

Биылғы жазда су жағасында өміріне қатер төнген 35 адам құтқарылды. Қауіпсіздік ережесін өрескел бұзған 23 адамның 15-сі суға шомылу кезінде ажал құшты.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мемлекеттік тіл және

ақпарат тобының бас маманы.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау