Солтүстік Қазақстан газеті

ҚЫЗУ ЕҢБЕК ҮСТІНДЕ

Печать PDF

Ақжар ауданының ауыл шаруашылығы құрылымдары да ауа райының қолайлы сәттерін ұтымды пайдаланып, шөп дайындау жұмыстарын қыздыруда. Аудандағы “Талшық-Астық Агро”, “Лұқбанов” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, “Данил”, “Зерно” фермерлік шаруашылықтары науқанды жұмыстың көшін бастап келеді.

argaiv1934

Қазан ауылындағы “Зерно” фермерлік шаруашылығы қазірдің өзінде қора маңына бірнеше мая үйіп алды. Бұл шаруашылықты еңбек ардагері Анатолий Голунец басқарады. Анатолий Иванович биылғы шөптің шығымдылығына қуанып отыр. Жеті адамнан тұратын еңбек бригадасы бір мың гектарға жақын алқаптың шөбін шауып алған.

Шаруашылық басшысы қызметкерлеріне алаңсыз жұмыс істеуіне барлық жағдай жасаған. Таза ауызсумен қамтамасыз ету жағы да ойластырылған. Күніне үш рет ыстық тамақ береді. Жақын күндері олар орақ жұмыстарына кіріспек.

Болат ӘМІРИН.

Ақжар ауданы.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау