Солтүстік Қазақстан газеті

Облыстық мәслихат депутаттарының назарына

Печать PDF

Алтыншы шақырылған Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының он бесінші сессиясы 2017 жылғы 29 тамыз күні сағат 10-да Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38-үй мекенжайындағы облыстық мәслихаттың кіші залында өтеді.

argaiv1797

Депутаттар жиналысының қарауына мынадай негізгі мәселелер ұсынылады:

2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы.

Облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының жұмысы және алда тұрған міндеттер туралы есебі.

Солтүстік Қазақстан облысының басқару сызбасын бекіту туралы.

Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы.

“Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаторлық емделу кезінде тегін және жеңілдік шарттарымен қосымша дәрі-дәрмектерді беру туралы” Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы №8/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Әртүрлі.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау