Солтүстік Қазақстан газеті

ШЕКАРАШЫЛАР МЕРЕЙІ

Печать PDF

argaiv1934

Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті. Шекарашыларды өңір басшысы атынан облыс әкімі аппаратының жетекшісі Мадияр Қожахмет құттықтады.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты бағдарламалық мақаласында: “Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті”, – дей келе, ол бұл ретте шекарашыларға аса зор міндеттер жүктелетінін атап көрсетті.

Шекарашылардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шарада бірнеше қызметкерге облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табысталды. Бір топ азамат Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің грамоталарымен марапатталса, ардагерлер мерейтойлық медальға ие болды.

Шара соңында жиналғандар жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасын тамашалады.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген

Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

 


 

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау