Солтүстік Қазақстан газеті

Жастар шығармашылығы

Печать PDF

“Серпін – 2050” бағдарламасының шапағатын көріп, өңірімізге оқуға келген жастардың бірі Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының тумасы – Бақсұлтан Сейітжан. Бүгінде ол М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің 3-курс студенті. Жастайынан ән айтып, өлең жазып жүрген ол домбыра тартып, гитараның құлағында ойнайды. Сондай-ақ, тоғызқұмалақ ойыны бойынша өз ауданының чемпионы. Оқырман назарына дарынды жастың өлеңдерін ұсынып отырмыз.

argaiv1797


Айып етпе, мазаласам


Айыптымын, алдыңда, айыптымын,

Күйін кешіп келемін айыптының.

Жазалағын жанымды, жүрегімді,

Сенің барлық сыныңа лайықтымын.


Жан жарасын сезім оты емдей ме?

Сен жап-жарық әлемдейсің кей-кейде.

Ханзада боп ақ боз атпен келсем де,

Дегеніме пәк жүрегің көнбей ме?!


Дидарына көп қарап жаздағы айдың,

Мен әлі де өзімді жазалаймын.

Қоңырауды жиі шалам, кешір мені,

Дауысыңды естігім кеп мазалаймын...


Өмір деген...


Өмір жайлы қызықтар бар, біртүрлі,

Бірі мұңды, ал біреуі күлкілі.

Қадамыңды жасамасаң есеппен,

Басың тауға шағылады бір күні.

 

Бірде тайғақ, бірде үзік жолдарым,

Білмей тұрмын алда қандай жол барын.

Бұл өмірдің соқпағында сан тарау,

Жаратқаным Қамқоршым да қолдарым.


Бірде түзу, бірде қисық сапарлар,

Сезеді жүрек, алда мың сан сапар бар.

Өтеді жылдар зырғуменен асығып,

Өтіп те кетер зырғылауменен сағаттар.


Жүремін әлі талай жолдар кемеде,

Айсберг пен дауылдарға қарамай.

Сұраса егер, “Бұл қолыңнан келе ме?”

Өз күшіңді білгін дұрыс бағалай.


Шексіздігін біле тұрып даланың,

Ұшақпен де біраз жерге барамын.

Ойларым мен арманымды жазатын,

Ең бастысы, аман болсын қаламым.



Бақсұлтан СЕЙІТЖАН.





Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау