Солтүстік Қазақстан газеті

Пакет шығарады

Печать PDF

“Ашамаев” жеке кәсіпкерлігі пакет өндірісімен айналысады. Кәсіпорын директоры Шыңғыс Ашамаев бұл істі дөңгелетіп әкету үшін биылғы көктемде “Даму” қорының көмегіне жүгінген.

argaiv1900

 

– 2013 жылы шетелден тауар сатып әкеліп, сауда-саттықпен айналыстым. Былтыр “Даму” қорында біліктілігімді арттырдым. Кейін жеті жылға 18 пайызбен 23 миллион теңгеге несие рәсімдедім. Оны мемлекет жеті пайыздық үстемемен субсидиялап отыр, – дейді жас кәсіпкер.

Бұдан соң Шыңғыс Ашамаев бұл несиеге Ресейден каучук түйіршіктерін балқытып, полиэтиленге айналдыратын екі құрылғы сатып алыпты. Бүгінде кішігірім цехтан айына 3 миллион теңгенің тауары шығарылады. Жас кәсіпкер үш адамды тұрақты жұмыспен қамтыған. Бұлар шикізатты Астанадан жеткізіп, полиэтилен пакеттің түр-түрін жасайды. Тауарлары сұранысқа ие. Мәселен, біреуінің орамы 200 теңгеден сатылады. Ал оның базардағы құны 300 теңгеден асады.

Бүгінде кәсіпорынның өнімдері облыс орталығындағы дүкен сөрелеріне қойылған. Кәсіпкер кейін облыс көлеміне шығып, еліміздің басқа қалаларына да тауарын жеткізуді жоспарлауда.

Мұхтар ХАҚНАЗАР.





Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау