Солтүстік Қазақстан газеті

Жасылелдіктер көмегі

Печать PDF

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2005 жылдан “Жасыл ел” бағдарламасы қолға алынды. Осы уақыт аралығында өңірімізде 10 мыңнан астам жас жұмысқа орналасқан.

argaiv1208

Жасылелдік белсенді жастар жазғы демалыстарында орманшыларға көмектесіп, көгалдандыру жұмыстарына атсалысады. “Жасыл ел” республикалық штабының өңіріміздегі филиалының менеджері Гоара Абраамянның айтуынша, бүгінде жасылелдіктер 22 кәсіпорын мен 12 орман шаруашылығында жұмыс істеуде.

– Биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың шеңберінде 665 студент “Жасыл ел” жасағына мүшелікке қабылданды. Олар мамыр айынан бастап орманды тазартып, жалғызбасты қарияларға көмектесуде, – деді Гоара Абраамян.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау