Солтүстік Қазақстан газеті

Жылыту маусымына дайындық ойдағыдай

Печать PDF

Табиғаты қатал өңір тұрғындары үшін келе жатқан қыс маусымының сын болары анық. Бір қуантарлығы – Петропавл қаласындағы “СевКазЭнерго” АҚ-ы 2017-2018 жылу беру маусымына дайындықты ойдағыдай жүргізуде.

argaiv1934

Кәсіпорын аға инженерінің міндетін атқарушы Вадим Янкиннің айтуынша, жарты ғасырлық тарихы бар кәсіпорын өзінің энергетикалық қондырғыларын жаңғырту мен техникалық қайта құру үшін инвестициялық бағдарламаны сәтті жүзеге асыруда.

– Былтыр №12 қазандық агрегаты мен №5 турбина агрегатына жаңарту жұмыстары жүргізілгеннен кейін бұл жұмыс үстіміздегі жылы да жалғасын табуда. Инвестициялық бағдарламалардың арқасында жылу қазандықтары, негізгі және қосымша құрылғылар жаңартылды. Қыркүйек айына дейін №2 қазандық агрегаты мен №1 түтін құбырына күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтаймыз. Соның нәтижесінде алдағы жылу беру маусымында орта есеппен 10 жылу қазандық агрегаты мен 7 турбина агрегаты жұмыс істейтін болады, – деді Вадим Янкин.

Өткен жылы акционерлік қоғам Петропавл №2 жылу-электр орталығында жүргізілген жұмыстардың арқасында негізгі қондырғылардың тозуы төмендеп, жылыту маусымы барысында бекітілген температуралық режім қатаң сақталды.

Кәсіпорында қажетті отынның жеткілікті қоры жасалуда. Бүгіндері серіктестіктің отын қоймасында 160 мың тоннаға жуық көмір бар және оны тасымалдау жалғасуда. Ал Петропавл №2 жылу-электр орталығына кезекті жылыту маусымын ойдағыдай өткізу үшін екі миллион тоннаға жуық көмір қажет.


Игорь ТАТАРЧЕНКО,

“СевКазЭнерго” АҚ-ы қоғаммен байланыс

бөлімінің қызметкері.


 

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау