Солтүстік Қазақстан газеті

ЖІГЕРЛІ ЖІГІТТЕР

Печать PDF

argaiv1962

Өңіріміздің құрылыс саласында өз орны бар “Мирас Group“ жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қырыққа жуық адам табысты еңбек етуде. Құрылыс компаниясының темірден түйін түйетін әр еңбеккерін шеберлердің қатарына жатқызуға болады. Үлкен ұжымда ағалыінілідей болып кеткен Олжас Жәкенов пен Рахат Беспаев еңбек жолындағы қадамдарын бірге бастаған. Қалайы мен қаңылтырдан бұйымдар жасайтын ұсталық өнерді меңгерген жастар бірнеше жыл қатарынан серіктестіктің құрылыс нысандарында өндірістік тәжірибеден өтіп, өздерін жақсы қырларынан таныта білген. Қолдарына дипломдары тигеннен соң таныс мекемеге жұмысқа орналасқан жас мамандар колледжде алған теориялық білімдерін іс жүзінде дәлелдеуде. Серіктестік басшылығының сенімінен шыға білген олар жартыжылдан бері қаңылтыршы болып табысты еңбек етуде.

 

СУРЕТТЕ: қаңылтыршылар О. Жәкенов пен Р.Беспаев.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

 

 

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау