Солтүстік Қазақстан газеті

Жастар тәрбиесі — ортақ мәселе

Печать PDF

Айыртау аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметіндегілер облыстық мәслихат депутаттарының алдында есеп берді.

argaiv1797

Сондай-ақ, халық қалаулылары бұл күні аудандағы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жағдайына көңіл бөлді.

Айыртау ауданында 51 білім беру мекемесі бар. Аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Бақытжан Жантілеуов жергілікті атқарушы органдармен, білім беру және денсаулық саласының өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтіндерін жеткізді.

Үстіміздегі жылдың жеті айында ұйымдастырылған шаралар барысында 129 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталып, 8 кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім қоғамдық жерде алкогольді ішімдік ішкені үшін жауапқа тартылды. Ал балалары түнгі уақытта дала кезгені үшін 105 ата-ана жазаланған.

Сондай-ақ, облыстық мәслихаттың депутаттары Саумалкөл ауылындағы балалардың білім алуы үшін жасалған жағдаймен танысты.

Мәдина БАЛҒАШОҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі.



 

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау