Солтүстік Қазақстан газеті

119 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ

Печать PDF

Ірі көлемде пара алу қылмысы бойынша істі болған “ҚазАвтоЖол ҰК” АҚ-ы облыстық филиалының бұрынғы директоры Асқар Жанкинге кеше үкім шығарылды.

argaiv1797

Асқар Жанкин өз кінәсін алғашқы отырыста-ақ толығымен мойындап, қорғаушысы оған жазаны айыппұл ретінде тағайындауды сұраған еді. Олар Жанкиннің отбасының жеті мүшесінің жұмыссыз отырғандығын алға тартты.

Петропавл қалалық сотының судьясы Айдархан Жанаков Асқар Жанкинді заңсыз жолмен алған ақшаны, яғни 2 миллион теңгені 60 есе, яғни 120 миллион теңге қылып қайтаруға міндеттеді. Алайда, бес ай көлемінде қамауда отырғаны есепке алынып, айыппұл мөлшері 1 миллион теңгеге қысқартылды, кінәлі тұлға 119 миллион теңге төлейді. Сондай-ақ, сот шешімі бойынша айыпталушының мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген уақытқа дейін оған қала аумағынан шығуға тыйым салынып отыр. Айыппұлды ол сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап бір ай уақыт аралығында төлеуге міндетті немесе алты айға бөліп төлеу үшін сотқа өтініш жаза алады.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.


Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау