Солтүстік Қазақстан газеті

ҚАУІПСІЗ ЖАЗ

Печать PDF

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің қызметкерлері мен білім беру мекемелерінің тәлімгерлері “Солнышко” балалар сауықтыру лагерінде “Біз – қауіпсіз жаз үшін!” атты акция өткізді.

argaiv1900

 

Іс-шара “Белсенділер мен лингвистер” қоғамдық бірлестігінің және “Жас ұлан” балалар ұйымдарынан келген демалушылардың қатысуымен өтті.

Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің қызметкерлері балалармен отпен ойнау кезінде қайғылы жағдайдың орын алуына жол бермеу, суда шомылу қауіпсіздігі жайында сабақтар жүргізді. Сонымен қатар балаларға өрт сөндіру құралдарын қолдану және өртсөндірушінің жауынгерлік киімін дұрыс киюді, төтенше жағдай кезінде зардап шегушілерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті қалай көрсету керектігін түсіндірді. Осы іс-шарада алған білімдерін бекіту үшін балалармен викториналық ойындар жүргізілді.

Эстафета “Нигга”, “Элита”, “От”, “Жалын” командаларының қатысуымен өтті. Новоишимдегі №16 өрт сөндіру бөлімінің өрт автомобилінің экипажында жауынгерлік киім кию бойынша шеберлік сыныбы көрсетілді. Жауынгерлік киім кию жарысында әр командадан бір ұл бала шығып, жылдамдыққа жарысып, жақсы нәтиже көрсетті.

Ал арқан тарту сайысында әр команданың ұйымшылдығы сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша 3-орынды “Жалын” командасы, 2-орынды “Нигга” командасы иеленсе, “Элита” командасы жеңімпаз атанды. Балалар жақсы көңіл-күйде болды, ең бастысы өрт қауіпсіздігі туралы жан-жақты мағлұматқа қанықты.

Диас ӘУБӘКІРОВ,

Ғабит Мүсірепов атындағы

ауданның төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің инженері, азаматтық

қорғаныс лейтенанты.


Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау