Солтүстік Қазақстан газеті

Кезекті жеңіс

Печать PDF

argaiv1208

Бірінші лига ойындарының 16-туры аясында “Қызылжар” футболшылары өз алаңында Теміртау қаласының “Шахтер-Болат” командасын қабылдады.

“Қарасай” стадионында өткен кездесудегі жерлестеріміздің қарсыластары – турнир кестесінде бесінші орында келе жатқан команда болатын. Сондықтан қызылжарлықтар ұпай айырмашылығын ұлғайту мақсатында бірден шабуылға шығып, ойынның 5-ші минутында есепті ашты. Жерлес команданың ойыншысы Карам Сұлтанов бұрыштан асырыла тебілген допты теміртаулықтардың қақпасына тура бағыттады.

Шабуылдарын үдете түскен қызылжарлықтар ойынның 48-ші минутында есепті еселей түсті. Бұл жолы шабуылшы Божко Ступич Бірінші лига ойындарындағы оныншы добын соғып, мергендер көшін жеке дара бастады. Осылайша, кездесу 2:0 есебімен аяқталды.

Сөйтіп, жерлес команда 26 ұпаймен турнир кестесіндегі үшінші орынын сақтап қалды.

Жерлестеріміз енді Шымкент қаласының “Қыран” командасын қабылдайды.


Суретті түсірген Вадим МУДАРИСОВ.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау