Солтүстік Қазақстан газеті

МОБИЛЬДІ ҚОСЫМША — ЖАҢА МҮМКІНДІК

Печать PDF

Облысымыз соңғы үш жыл бойы қатерлі ісік ауруларына шалдығушылар саны бойынша республикада көш бастаушылар қатарында келеді. Мамандар оның себебін өңірімізде тұратын қарт адамдардың көптігімен және дұрыс тамақтанбаумен байланыстырады.

argaiv1797

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының берген мәліметінше, ісік ауруларының таралуы бойынша өкпе – бірінші, сүт безі – екінші, тері мен асқазан, сәйкесінше, үшінші және төртінші орындарда. Өңіріміздегі екі мыңға жуық тұрғында онкологиялық ауру белгілері анықталған. Соның ішінде Тайынша, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандар мен Петропавл қаласында обыр ауруынан болатын өлім-жітім азаймай отыр. Дүниежүзінде емі табылмай отырған қатерлі дертпен облыстық онкологиялық диспансердің дәрігерлері пәрменді күресіп келеді. Соның бір мысалы, жақында диспансердің рентген-хирургі Дмитрий Те рактың алдын алуға жәрдемдесетін мобильді қосымша ойлап тапты.

Үш жылдан бері асқазанның қатерлі ісігіне скрининг жүргізіп жүрген дәрігердің онлайн-жобасы республикалық байқауда екінші орынды жеңіп алды. Мобильді қосымша азаматтарға үйден шықпай-ақ дәрігерден ақыл-кеңес алуға, қатерлі ісікті анықтау үшін арнайы тестілеуден өтуге мүмкіндік береді.

– Обырдың көп таралуының негізгі себебі – оның алғашқы белгілерінің болмауында. Қатерлі ісікке шалдыққан адамдар көп жағдайда уақыт оздырып алады. Біздің ойлап шығарған мобильді қосымшамыз осы олқылықтың алдын алуға бағытталған, – дейді Дмитрий Те.

Жоба авторы “Онкоскрин” қосымшасын алдағы қыркүйек айында “Play Market”-ке шығармақшы.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау