Солтүстік Қазақстан газеті

ӘДЕМІЛІК ЕМЕС, ӘДЕПСІЗДІК

Печать PDF

Әдемілікке кімнің болсын жаны құмар. Әсіресе, қыз-келіншектер шамасы келгенше сәннен қалмай, маусым бойынша киініп, боянып жүргенді жақсы көреді. Сырт көзге сүйкімді көріну жақсы ғой, бірақ бойжеткендеріміз “еліктеген осы екен” деп шектен шығып кетпесе болды.

argaiv1797

 

Мен барлық аналар сияқты қазақ қыздарының сабырлы, инабатты, иманды болғанын қалаймын.

Жақында қоғамдық көлікте келе жатқанда қасыма бір қыз отырды. Мен оның тырнағының ұзындығына емес, қою қара түске бояп алғанын көріп, таңғалдым. “Мұндай да әдемілік болады екен?” деп іштей ойлап, басымды шайқадым. Қара түс дегеннің өзі қазақ халқына жат дүние. Ол – қайғының белгісі. Жап-жас қыздардың шашын жайып тастап, тырнақтарын қап-қара етіп бояп жүргендері не сән, түсінбеймін? Бұл әдемілік емес, әдепсіздік. Жалпы қазақ әйелі күйеуі немесе ет жақын бауырларынан айырылған кезде ғана шашын жайып, жоқтау айтқан. Ал тырнақтың ұзындығы былай тұрсын, оны қара түске бояп жүрудің өзі жамандық шақырумен тең. Әрине, әркім өз білгенін істейді. Десек те, бойжеткендердің шаштарын жалбыратпай, жарасымды етіп боянып, жинақы жүргені дұрыс. Себебі, “Қыз бала ұлттың ұяты, халықтың шырайы” емес пе?!

Ақмаңдай ЖҮЗЖАСАР.

Қызылжар ауданы.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау