Солтүстік Қазақстан газеті

Темекі тартқаның — өзіңді құртқаның

Печать PDF

Жастардың еуропалықтарға еліктеп, мәнсіз сәннің соңына түскені соншалықты, қазір, тіпті, ұл мен қызды ажырата алмауға айналдық. Қайда қарасаң, әлем-жәлем киінген бойжеткендерді көресің. Әдейі тесіп қойғандай, сирақтары жылт-жылт еткен қыздардың шалбарларын, кіндіктерін көрсетіп жүретін жеңіл күртешелерін көргенде олар емес, өзің ұяласың.

argaiv1900

 

Иә, “Айта-айта Алтайды, Жамал апа қартайды” демекші, түкке тұрмайтын осындай киімдер жайында аз жазылып жүрген жоқ. Бірақ нәтиже көңіл көншітерлік емес. Керісінше, сән қуған қыздар арасында енді темекі шегу көбейіп барады. Әсіресе, түскі тамақтан кейін көпқабатты үйлердің көлеңкесіне тұрып алып, ешкімнен қымсынбай темекіні будақтатқан бойжеткендерді көргенде жағаңды ұстайсың. Қазір ерлердің өзі темекі шегуді шектеуде, ал қыздар болса, шылымды жарыса тартып, көк түтіннің қармағына ілінгендерін өздерінше бір жетістік санайтын сияқты. Шындығына келсек, қазақ қыздарының темекі тартқаны ұят нәрсе. Мұндай жаман әдетпен қоғам болып күреспесек, күні ертең анасы мен қызы қатар отырып алып шылым шеккеннің өзіне таңғалмайтын заманға жететін боламыз. Құдай сондайдан сақтасын.

“Темекі тартқаның – өзіңді құртқаның” деп дуалы ауыз тегін айтпайды. Көк түтін ойды да, ағзаны да улайды. Шылымның торына шыбынша түскен қыздардың күні ертең дені сау ұрпақ әкелуі де екіталай. Осының бәрін ой-түйсігінен өткізген кейбір бойжеткендер темекі тартып, солғанша, саламатты өмір салтын ұстанып, құлпыра түсер деп ойлаймыз.

Гүлбаршын САТЫБАЛДИНА.

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау