Солтүстік Қазақстан газеті

ҚЫРДАҒЫ ЕҢБЕК ҚЫЗҒАН ШАҚ

Печать PDF

Бүгіндері облыс аграршылары шөп шабу науқанын аяқтауға жақындады. Жауапты науқан басталғалы шабындыққа орақ салған шаруалар уақытпен санаспай еңбек етуде.

argaiv1322

 

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қуандық Шақұбаевтың айтуынша, бүгіндері жүзден астам бригада жұмыстың басым бөлігін аяқтап үлгерген.

– Облысымыздың агроқұрылымдарының басшылары қысқы мал азығын дайындау жұмыстарын уақытында аяқтауға бар күштерін жұмылдыруда. Олардың бүгінгі міндеті – алқаптағы бітік шыққан шөпті шашау шығармай жинап алу. Науқанға білек сыбана кіріскен ауыл шаруашылығы құрылымдары қазір 570 мың гектардың шөбін шауып, межедегі 750 мың тонна шөптің 656,5 мың тоннасын дайындады. Бұл жоспардың 88,8 пайызы, – деді Қуандық Нұрғазыұлы.

Шаруалардың қырдағы қызу еңбегінің арқасында шөп шабу науқанын уақытынан бұрын аяқтаған Есіл мен Тимирязев аудандары қысқа қажетті мал азығын қораларына жеткізіп үлгерген. Жоспарды 96,5 және 95,2 пайызға орындаған Мағжан Жұмабаев және Жамбыл аудандарында да жұмыс қарқыны жоғары. Ал көш соңындағы Ақжар, Тайынша аудандары жоспарды 86,6 және 76,4 пайызға орындаған.

Қазір шаруашылықтар пішендеме дайындауға кірісті. Бұл жөніндегі жоспар 88 пайызға орындалып, 188 тонна құнарлы азық әзірленді.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау