Солтүстік Қазақстан газеті

Судан қатер мол

Печать PDF

Жаздың аптабында тұрғындардың көпшілігі өзен-көлді жағалайды. Өкінішке қарай, суда қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан зардап шегіп жатқандар да бар. Мәселен, 27 жастағы жігіт Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылының маңындағы Сорокин су тоғанының жабдықталмаған жерінде шомыламын деп суға кетті. Суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамаған алты азаматқа құтқарушылар дер кезінде көмекке келмегенде, жағдайлары қалай болары беймәлім еді.

argaiv1087

28 шілде күні Пестрое көлінде демалған екі ер адам белгіленген жерден асып кетіп, жағаға қайтуға күштері жетпей, көмек сұраса, келесі күні осы көлде қайықпен серуендеген үш азаматтың жүзу құралы аударылып, суға кете жаздады. Ал 30 шілде күні жедел-құтқару жасағына бір адамның Есіл өзеніне батып бара жатқаны жайлы хабар келіп түсті. Бақытына орай, ажалмен арпалысқан бұл адамға кезекшіліктегі құтқарушылар тез жетіп, оны жағаға алып шықты.

Гүлмира САЛЫҚОВА,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің “Жедел-құтқару жасағы”

ММ-нің бас құтқарушысы.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау