Солтүстік Қазақстан газеті

ВЕЛОШАБАНДОЗДАР БӘСЕКЕСІ

Печать PDF

argaiv1208

Өңірімізде көпкүндік веложарыстан Қазақстан Республикасы чемпионаты басталды.

Еліміздің тоғыз облысы мен Ресейдің Омбы қаласынан сексеннен астам шабандоз қатысатын дода жеті кезеңнен тұрады. Оның алғашқы күнінде жастар айналмалы жарыста бақ сынаса, келесі бес күнде топтық жарысқа қатысады. Ал соңғы күні спортшылар жекелей сынға түседі. Барлық жарыс жолының ұзындығы 600 шақырымды құрайтын бәсекеде облыс намысын “Vino 4-ever” командасы қорғайды. Бұған дейін бұл топтың шабандоздары Тайланд, Қытай елдерінде өткен веложарыстарда тамаша өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған болатын.

Айта кеткен жөн, бұл жарыс өңірімізде тұңғыш рет өткізіліп отыр. Осыған дейін 16 жыл қатарынан Павлодар облысында өткізіліп келгенді.

Талғат ТӘНІБАЕВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген автор.


Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау