Солтүстік Қазақстан газеті

ЖАТ АҒЫМНЫҢ КӨКСЕГЕНІ — ІРІТКІ САЛУ

Печать PDF

Әлемдік қоғамдастық Қазақ­станды ынтымақ пен бір­лікті ту еткен ел ретінде құр­меттейді. Бұл, біріншіден, хал­қы­мыз­дың татулық, дос­тық, тыныш­тық сынды қа­сиет­ті ұғым­дардың мәнін, қаді­рін терең түсініп, оны қастер­лей білуінің жемісі.

argaiv1900

Біз бір үзім нан үшін босқынға айналған халықтардың өмірінен сабақ алсақ, ел тыныштығы мен тәуелсіздігімізден артық бай­л­ық жоқ екеніне көзіміз жете түсе­ді. Бү­гін­де әлем экономикалық қана емес, рухани дағдарысқа да ұшырауда. Діни дүрдараздықтар мен ұлт­­ара­­лық жанжалдар дөңгеленген дү­ние­ні жағадан алып тұр. Сон­дық­тан елі­мізде төзімділік пен өзара се­нім­ді одан әрі нығайтып, қоғамда ізгі­­лік­ті кеңінен насихаттау аса маңызды.

Елімізде қандай да бір ресми немесе міндетті діннің жоқты­ғын Қазақ­стандағы мемлекет­тік-кон­фес­сиялық қарым-қа­ты­настың бас­ты сипаттамасы ретінде анық­тауға болады. Бұл еліміздің ар-ождан және діни сенім бостандығын мойындай­тындығын және оның қор­ғалуын қамтамасыз ететіндігін, азаматтардың өз еркімен және қан­дай да бір мәжбүрлеусіз дінге қаты­насын анықтай алатынын немесе өзін қандай да бір дінмен байланыстырмай және белгілі бір діни институттарға жүгінбей-ақ өмір сүре алатындығын білдіреді.

Мемлекет пен дін арасын­дағы қарым-қатынасты ұйым­дас­тырудың осындай тәсілі елі­­мізде мәде­ни және дүние­таным­­дық саналуан­ды­лық пен плюрализмнің орнығуы­на жағдай жасап отырған көпэтнос­ты және көпконфессиялы Қазақ­стан­ның үйлесімді даму мақсатына толық­қанды сәйкес келеді.

Дін істері және азаматтық қо­ғам министрі Н.Ермекбаевтың ха­лық­қа есеп беру жиынында кел­­тір­­­ген мәліметтеріне сү­йенсек, қазір­­гі күнде елімізде 18 кон­фессия тір­­келген. Қазақ­стан­дықтардың 15 па­йызы діндар адамдар болса, 75 пайы­зы Құдайға сенеді, деген­­мен олар діни жоралғыларды тұрақ­ты орындамай­ды және діни бір­лес­тіктер қызметіне тартыл­маған. Ал өздерін атеист немесе агностик санау­шылар саны шамамен 10 пайызды құрайды.

Бүгінде қоғамды алаңдатып, мә­селе туындатып отырған жат ағым­да­р­дың әрекеті кез кел­ген аза­мат­ты ой­ландырмай қой­майды. Осы ба­ғыт­тағы кей­бір келеңсіз істер қоғам­дық мәселе­лерді өршітіп отыр. Мәсе­лен, қазіргі кезде халық ішін­­де үрей тудырып, сананы тұм­­шалауға күш салып жатқан сала­физм идеологиясының кері ықпа­лы бай­қалуда. Бұл топ, тіпті, өздерін ал­ғаш­қы­лардың жолын жалғаушы “салафи­лер” деп атағанымен, шын мәнінде, олардың уахабилік көз­қарасты ұстанушылар екенін анық аңғаруға болады. Осындай парық­сыз көріністердің салдарынан елі­міз­дегі мешіттерде салафизммен сана­сы уланғандар­дың тарапынан кейбір келіспеу­шіліктер де орын алуда. Қазіргі таңда бұл ағым ел ішін жаппай жаулап, өзіндік теріс әсерін тигізуге тырысуда. Сон­дық­тан олардың соңынан ерген жас­тарымызбен кешенді түрде үздік­сіз жұмыс жүргізу керек. Жат ағым­дар­дың жетегінде кеткен кей­бір жас­тарымыздың дені – ақи­қаттан шеттегендер.

Осы орайда дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру­дағы уәкілетті орган – Дін істері және азаматтық қоғам ми­нистр­лігі діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыс­тарын жалпы алдын алу және мақсатты ақтау бағыт­тарында жүргізуде. Бұл шаралар қоғамда діни-экстремис­тік идео­логияға қарсы түсінік қалыптастыруды, дінге қызы­ғу­шылық танытатын тұрғын­дардың сауатын көтеруді көз­дейді. Ал мақсатты ақтау жұмыстары экстремистік ағымдар идеологиясының ықпа­лы­на түскен адамдарды теоло­гия­лық тұрғыдан дәстүрлі сенім­ге қай­тару мақсатында жеке жұмыс­тар жүргізуге арналып отыр. Мұн­­дай шаралардың аза­мат­тарға психоло­гия­лық және құқықтық қолдау көрсетуде маңызы зор.

Халық ішінде кейбір діни мәселелердің қайсысы дұрыс, қайсысы бұ­рыс екендігін ажырату барысында шиеленісіп бара жатқан жайт­тар бар. Мәселен, кейбір жас­тары­мыздың: “Әке-шешеңе Құран бағыштама, олар намаз оқы­маса – кәпір болғаны”, – деген мазмұн­дағы пікірі дәстүрлі діні­мізді ұстану­шы жамағатты алаңдатуда. Ащы да болса шындығы сол, кейбір жастардың ислам шари­ғатында жоқ нәрселерді саналарына тез сіңіріп алуда. Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Сен­дерге бірге болу – міндет”, – деп дүниеден өтерінде үмметін бөлінуден барынша сақтандырған екен. Сондықтан бүгінгі таңда радикалдардың шырға­лаңына түскен қаракөздеріміз руха­ни әрі психологиялық көмекке мұқтаж болғандықтан, алдымен, олардың діни сауаттылығын, зайырлы кәсіби білімін жетілдіріп, патриоттық әрі ұлттық санасын жандандыруға көңіл бөлген жөн.

Ел ішінде жат ағым болып табылатын салафизм идеясы бойын меңдеген адамның психо­ло­гия­сының өте күрделі екенін білуі­міз қажет. Олардың санасы уланған­дығы соншалықты, ақты – ақ, қара­ны қара деп өз еркімен ажырата алмайтын жағдайға жеткен, тіпті, айналасындағы адамдарды мұсылман деп қабылдай тұра, ата-анасын, туыстарын адас­қандар қатарына жатқызады. Тұла бойындағы тұм­ша­ланған көз­қарас оны адами болмысынан айырып, мейірім мен жанашыр­лықтан жұрдай еткендей.

Қазіргі таңда қоғамымызды жаман, жат іс-әрекеттерден арашалау үшін мемлекет тарапынан барынша күш жұмсалып жатқандығын көріп отырмыз. Мұның барлығы жастарымыздың жат ағымдардың тұзағына түспе­сін, жігерлері мұқал­масын деген ниетпен жасалып жатыр.

Негізінде, жат ағымдағы­лар­дың аңдығаны – тату елдің бірлігіне, тір­лігіне іріткі салып, бүлік тудыру. Себебі, олар елдің бірлігі мен тір­­лі­гін тозды­рып барып, көк­сеген мақ­сат­тары­на жету үшін әрекет ету­де. Елді арандатуға, ауыз­бір­­лік пен тыныштықты бұзуға ниет­тен­ген­дердің қадамына тұсау салатын құ­зырлы органдар бар. Десек те, біздің мақсатымыз жүк­ті жұмыла көтерген әлдеқай­да жеңіл болатынын еске салу. “Әр қазақ – менің жалғызым” деген сөздің мәніне терең бойлай отырып, азаматтары­мызды жат ағымдардың шырмауынан қорғап, оларды дәстүрлі ортаға қайтару – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Тұрар ӘБУОВ,

дін істері және азаматтық қоғам министрлігі “Дін мәселелерін ғылыми-зерттеу және талдау орталығы”

РММ-ның бөлім басшысы.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау