Солтүстік Қазақстан газеті

Өтініш қабылдануда

Печать PDF

Бүгінгі таңда облыс орталығында құрылысы аяқталған екі көпқабатты үйге тұрғындардан өтініш қабылданып жатыр. 72 және 70 пәтерлік үйлердің әрлеу жұмыстары аяқталып, қазір аула іші абаттандырылуда.

argaiv1934

 

– “Нұрлы жер” бағдарламасының аясында тұрғызылған екі нысанға өтініш беру 2017 жылдың 30 тамызына дейін жалғасады. Семашко 11 “В”-үй мекенжайындағы баспананың бір шаршы метрі – 135 мың теңге болса, ал Гастелло көшесі, 38-үйде 125 мың теңге тұрады. Өтініштерді банктің сайтындағы жеке кабинет арқылы беруге болады, – дейді “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ-ы өңірлік филиалының бөлім басшысы Жанар Жанмұрзина.

Дамир Темірғали – жаңа баспанаға қол жеткіземін деп үміттеніп жүрген тұрғындардың бірі. Ол банктің үш жылдан бергі салымшысы екен. Мемлекеттік қызметте жүрген Дамир баспана бағасының 30 пайызын жинап үлгерген.

– Сәтін салса, үш бөлмелі үй алып, ауылдағы ата-анамды көшіріп әкелемін, – дейді салымшы.

Жыл басынан бері облыс орталығында “Нұрлы жер” бағдарламасы арқылы төрт көпқабатты баспана пайдалануға берілген. Тамыздың соңында құрылысы аяқталғалы тұрған тағы 75 пәтерлі үйге байқау жарияланбақ.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.


Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау