Солтүстік Қазақстан газеті

Танымдық шаралар тиімді

Печать PDF
Нашақорлықтың адам ден-саулығына тигізер қаупі өте зор. Оның торына  алды-артын әр кез ойлай бермейтін жастар жиі тү-седі. Осыған байланысты облыс-тың СПИД профилактикасы және наркология орталықтары мен психоневрологиялық диспансер мамандары бірлесіп түрлі алдын алу шараларын өткізуде.
Мамандар адам ағзасын бір-тіндеп жаулап алатын қауіпті дерттің зиянын, СПИД жұқтыру-дан сақтану жолдарын қолже-тімді ойын түрінде жеткізе білді. Олар бір айдың ішінде облыстың он екі сауықтыру лагерінде бо-лып, бір жарым мыңнан астам жасөспірімді нашақорлықтың салдарымен таныстырып, ой-ланбай жасалатын әрекеттер денсаулыққа өмір бойы өшпес із қалдыратынын түсіндірді.
– Отбасындағы кикілжіңдер балалардың өз қатарластары-мен араласуына кедергі жасай-ды. Бұл жеткіншектерді “көше-дегі қызықтарға” итермелейді. Қараусыз бала нашақорлыққа салынуы, абайсызда от басуы мүмкін, – дейді психоневроло-гиялық диспансер психологі Та-тьяна Яковлева.
Наркологиялық орталық қыз-меткерлерін жастардың бүгінгі күні синтетикалық есірткіге қы-зығушылық танытуы қатты алаң-датуда. Мамандар балалармен ойын, сайыс өткізу, оларға та-нымдық бейнетүсірілімдер көр-сету өз нәтижесін береді деген үмітте.

Александра КОНДРАТОВА,
“СПИД” орталығының баспасөз хатшысы.

Пікір білдіру

argaiv1900


Защитный код
Жаңалау