Солтүстік Қазақстан газеті

Еріктілер сынға түсті

Печать PDF

“Жаман айтпай, жақсы жоқ” демекші, әлдебір төтенше жағдай орын алса, ол көптің көмегімен еңсерілетіні белгілі. Осындайда арнайы қызметпен бірге тілсіз жаудың бетін қайтаруға еріктілердің де жұмылатынына куә болып жүрміз. Демек, олардың біліктілігін арттыру мәселесі күн тәртібінен түспеуге тиіс.

argaiv1962

Осы орайда Тайынша ауданының орталығында жергілікті шаруашылық субъектілерінің жанынан құрылған еріктілер құрылымдары арасында жарыс өтті. Сайысқа “Тайынша Элеваторы – 2006”, “Ақжар”, “Племзавод Алабота”, “Тайнефть” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің ерікті өртсөндірушілері қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша “Тайынша Элеваторы – 2006” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылымы жеңімпаз атанды.

Бүгінгі таңда өңіріміз бойынша 587 өртке қарсы еріктілер құрылымы болса, оның жұмысына екі жарым мыңнан астам адам тартылған.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.




Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау