Солтүстік Қазақстан газеті

Білгеннің талабы биік

Печать PDF

Еліміздің “Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы” Заңына, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әділет департаментінде мемлекеттік тілді қолдану мен дамытуға арналған жүйелі жұмыстар қолға алынған. Осы бағытта атқарылған жұмыстың қорытындысын Әділет министрлігіне және облыстық тілдерді дамыту басқармасына жіберіп отырамыз.

argaiv1797

Біздің департаментте мемлекеттік тіл саясатын қолдап, оны жүзеге асыру үшін семинарлар, “дөңгелек үстелдер”, түрлі конкурстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар департамент жанында қазақ терминологиясын дамытуға бағытталған секция жұмыс істейді.

Терминологиялық секцияда әзірленген ұсыныстар Әділет министрлігіне жолданады. Аударма кезінде қиындық тудырған кейбір терминдер де кеңінен талқыланады. Себебі, департамент қызметкерлері жұмыс барысында еліміздің мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен жаңа терминдерді жиі қолданады.

Бүгінгі таңда департаментте шығыс және ішкі құжаттар екі тілде ресімделеді. Осындай талап қызметкерлердің қазақ тілін үйренуге деген ынтасын арттырғаны анық. Тілдер орталығының оқытушылары қазақ тілі сабағын жүргізеді. Бұл сабақтарға департамент мамандары жаппай қатысып, қазақ тілін үйреніп жүр.

Жұлдыз БАЙМАШЕВА,

облыстық әділет департаментінің ұйымдастыру-талдау жұмысы

бөлімінің басшысы.





Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау