Солтүстік Қазақстан газеті

Маңғыстаулықтардың сапары

Печать PDF

“Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 20172021 жылдарға арналған” мемлекеттік бағдарламасы халықты жұмыспен қамту және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту мақсаттарын көздейді.

argaiv1797

Бағдарлама үш бағыт бойынша жүргізілуде. Оның үшінші бағытында тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу жолдары көрсетілген. Осы мемлекеттік бағдарлама аясында Тайынша өңіріне Маңғыстау облысынан арнайы делегация келді. Делегация құрамында Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гүлжихан Аманжан, Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Айгүл Сисенбаева, Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Зәуреш Нұрболат, журналистер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері келді.

Меймандарды Тайынша ауданы әкімінің орынбасары Жанар Алданазарова мен жұмыспен қамту орталығының инспекторы Ләззат Сәдуақасова, Келлеровка ауылдық округінің әкімі Ержан Жұмабаев қарсы алып, оларды жұмыс күшіне сұраныс бар шаруашылықтар мен кәсіпорындарға апарды.

Маңғыстаулықтар бірінші ат басын тіреген шаруашылық – Кременчуг ауылындағы “Алина” шаруа қожалығы. Меймандар одан әрі Богатыровка ауылындағы “Киселева” шаруа қожалығына барды. Іссапар соңында тараптар осы жаққа қоныс аударып келушілерге жасалатын жағдай, мүмкіндіктер мен жеңілдіктер жайында пікір алмасты.

Гүл НҰРАЛИНА,

журналист.

Тайынша ауданы.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау