Солтүстік Қазақстан газеті

Жүргізушіге де байланысты

Печать PDF

Үстіміздегі жылдың жеті айында облыс аумағында 43 көлік өрті тіркеліп, солтүстікқазақстандық автокөлік иелеріне 21 миллион теңге материалдық шығын келді.

argaiv1428

Көлік жүргізушілердің көбінің қоластында өрт сөндіру құралдары бола бермейді, болған кезде оларды қолданудың қарапайым ережелерін білмейді. Мәселен, физика заңдылығы бойынша жанармай тұтанған кезде көліктің астына қарай ағып, одан әрі жана береді. Ендеше, жүргізуші өрт сөндіргіш құралын көліктің астына қарай бағыттауы керек. Қарапайым ереже, бірақ соны білмейтіндер бар.

Тоқетерін айтсақ, төтенше жайттың алдын алу, тым болмаса, оның туындау қаупін төмендетудің бірден-бір жолы – тұрақты түрде көліктің техникалық жағдайын қадағалап отыру.

Жылдың басынан бері облыста 404 өрт оқиғасы тіркеліп, материалдық залал 59 млн. теңгені құрады, 13 адам қаза болып, 12 адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды.

Серік ШӘРІПОВ,

азаматтық қорғаныс майоры.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау