Солтүстік Қазақстан газеті

Өткен жартыжылдықта облыс соттары республикамызда сот төрелігін іске асыру сапасы бойынша бірінші орын алды. Бұл жайлы сот төрелігін іске асырудың қорытындысын талқылаған кеңейтілген кеңесте айтылды. Кеңеске Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты маманданды

Печать PDF

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде кәсіпкерлерді қолдау және олардың ісін дамыту бағытында жүзеге асырылып келген салалық бағдарламаларды біріктіру мақсатында Үкіметке бизнес-ахуалды жақсартуға бағытталған бірыңғай бағдарлама әзірлеуді тапсырған болатын.

argaiv1582

“Бизнестің жол картасы – 2020” бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асырудағы негізгі мақсат – кәсіпкерлікті дамыту және өсіру, өңірлерде жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу. Бірыңғай бағдарлама арқылы елді мекендердегі, шағын және моноқалалардағы кәсіпкерлерді қаржыландырудың қолжетімділігі қамтамасыз етілмек. Бұл бағдарлама арқылы шағын және орта бизнес саласына халықты көптеп тарту көзделген. Сондай-ақ, шетел валюталары бағамының құбылуына байланысты валюталық тәуекелдердің несиелерге әсерін тигізбеуге мүмкіндік береді. Бағдарлама бизнес-бастамаларды, бизнесті салалық қолдау, валюталық тәуекелдерді төмендету және “бір терезе” қағидаты бойынша қолдаудың қаржылай емес шараларын көрсету бағыттары бойынша жүзеге асырылуда. Осы шаралар арқылы 2020 жылға қарай жалпы ішкі өнім құрылымында өңдеуші өнеркәсіптің үлесін кемінде 12,5 пайызға жеткізу, шағын және орта кәсіпкерліктің өнім шығару көлемін 2014 жылғы деңгейден 1,5 есеге ұлғайту, белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің деңгейін және онда жұмыс істейтіндердің санын үш жыл бұрынғы деңгейден 50 пайызға көбейту арқылы экономикалық тиімділікке қол жеткізу көзделіп отыр.

Ауданымызда жаңартылған бірыңғай бағдарлама аясында бірқатар жұмыстар атқарылды. Үстіміздегі жылы облыстық үйлестіру кеңесі мүшелері жалпы соммасы 165,8 млн. теңгенің тоғыз жобасын мақұлдады. Осы жобаларды жүзеге асыру мақсатында қосымша 15 жаңа жұмыс орындары ашылады.

Жобалары мақұлданған “Ердебаев”, “Абенов” жеке кәсіпкерліктері сауда-саттық бизнесін кеңейту және қажетті құралдарды алу үшін 11 млн. теңге демеуқаржы алды. Сондай-ақ, “Қожасова” жеке кәсіпкерлігінің айналым қаржысын толықтыруға бағытталған жобасы мақұлданып, 10 млн. теңге қаржыдан үмітті. Сонымен қатар бұл бизнеске 11 млн. теңге көлемінде инвестиция салынбақшы. “Баянтай” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік қаржылық қызметтерін кеңейтуге арналған жоба да мақұлданды. Оның жалпы құны – 133,8 млн. теңге.

Облыстық үйлестіру кеңесінің қарауында бұдан өзге тағы бірнеше жоба бар. “Шалқар және К” фермерлік шаруашылығы, “Таранов” жеке кәсіпкерлігі ұсынған жобалар мақұлданса, қосымша 5 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Бибінұр ТИЫШТЫҚБАЕВА,

Айыртау аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау