Солтүстік Қазақстан газеті

ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ СҰРАНЫСЫ ӨТЕЛУДЕ

Печать PDF

argaiv1582

Кәсіптік стандарттар еңбек нарығының талаптарына және ең үздік әлемдік оқу-өндірістік тәжірибелерге сәйкес жаңартылуы қажет.

Сонымен қатар жоғары білім беру жүйесі сапасына ерекше назар аударылады. Жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талап күшейтілуі қажет.

(Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” Жолдауынан).

“Оқуға қайда барамын?” деген мәселе бүгінгі таңда түлектер мен ата-аналар үшін өзекті болып табылады. Себебі, әрбір адамның болашақтағы тағдыры және өмірі таңдаған мамандығына тікелей байланысты.

85 жылдан бері мыңдаған жасқа білім беріп, үлкен өмірге жолдама ұсынған Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің кәсіптік және техникалық білім беретін мекемелердің арасында өз орны бар. Оқу жұмысына талдау жасау, білікті мамандарды даярлау сапасын және педагогикалық кадрлардың біліктілік деңгейін бағалау мақсатында өткізілген мемлекеттік аттестаттаудан білім ордасының талай рет сүрінбей өтуі – осының айғағы.

Қазіргі таңда колледжде мемлекеттік және орыс тілдерінде 1355 студент, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 972 адам еңбек нарығының талаптарына сәйкес оқытылады. Ұсынылған мамандықтардың алуан түрлілігі жастардың өз ісінің майталманы және бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік береді. Бізде олар “Құқық-тану”, “Тамақ кәсіпорындарының өнімдерін өндіру технологиясы және ұйымдастыру”, “Есеп және аудит”, “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету”, “Ғимараттар мен имараттарды салу және пайдалану”, “Ішкі санитарлық-техникалық құрыл-ғыларды, желдету мен инженерлік жүйелерді орнату және пайдалану”, “Құрылыс бұйымдары мен құрылымдар өндірісі”, “Дене мәдениеті және спорт”, “Тамақтануды ұйымдастыру”, “Жерге орналастыру”, “Жиһаз өндірісі” кәсіптік және техникалық мамандықтары бойынша оқиды.

“Серпін – 2050” бағдарламасы аясында оңтүстік өңірлердің елу тоғыз студенті “Ғимараттар мен имараттарды салу және пайдалану”, “Тамақ кәсіпорындарының өнімдерін өндіру технологиясы және ұйымдастыру” мамандықтары бойынша білім алуда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: “Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет”, – деп атап көрсеткен болатын. Осыған байланысты колледжде үш тілде қызықты шаралар жиі ұйымдастырылып, студенттер облыстық, колледжішілік олимпиадаларға белсене қатысады.

Болашақ мамандар ішкі істер департаментінде, Петропавл қаласының жеке істер мұрағатында, облыстық сот кеңсесінде, “Основание”, “Единство” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің базаларында кәсіптік дайындықтан өтіп, шеберліктерін шыңдауы өз нәтижесін беріп келеді. Облыстық, қалалық кәсіптік шеберлік конкурстарында колледж беделін табысты қорғаған студенттеріміз бар. Осындай жеңістердің бірі ретінде Астана қаласында өткен “World Skills Kazakhstan – 2017” ұлттық чемпионатын атап айтуға болады. Біздің студенттер “Кірпіш қалау” біліктілігі бойынша жарысқа қатысып, колледждің биылғы түлегі Роман Шишкин бірінші орынға ие болды. Бұл жеңісте оның тәлімгері өндірістік оқыту шебері Асқар Қотыртауовтың да үлесі зор. Жеңістің нәтижесінде Роман Қазақстан құрама командасының қатарына еніп, қазан айында Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өтетін “World Skills Competition – 2017” халықаралық чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Мемлекетіміздің бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарында болуының басты көрсеткіші қазақстандықтар, олардың таланты, жоғары парасаттылығы болып табылады. “Кадрлар бәрін шешеді” деген тұжырым бүгінде де өз маңыздылығын жойған жоқ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2017 жылдың қаңтар айынан бастап нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы іске қосылды. Осы бағдарлама қатысушыларын қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз етуге Петропавл құрылысэкономикалық колледжі қатысады. Сонымен қатар бізде “Жол картасы”, “Баршаға арналған тегін кәсіптік техникалық білім беру” бағдарламалары негізінде “Технология”, “Газбен дәнекерлеуші” мамандықтары бойынша үш айлық курстар өтеді.

Біздің ресурстық орталықта жұмыспен қамту арқылы әртүрлі санаттағы азаматтарға арналған қайта оқыту курстары ұйымдастырылған. Бұл орталық еліміздегі құрылыс саласы үшін кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттырудың бірінші тәжірибелік алаңы болып табылады. Мұндай орталықтың ашылуы Қазақстанның маңызды да басты салалары үшін мамандарды даярлауда шешуші қадам.

Колледждің материалдық-техникалық базасы құрылыс саласының заманауи технологиялық талаптарына сай келетін 62 тыңдаушыға оқуларын ақылы негізде аяқтауға және жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша ақысыз курстарға қатысушыларды қабылдауға мүмкіндік берді. Облыс аудандары мен Петропавл қаласының жұмыспен қамту орталықтарынан жіберілген 190 адамнан “Тамақ кәсіпорындарының өнімдерін өндіру технологиясы және ұйымдастыру”, “Есеп және аудит”, “Ішкі санитарлық-техникалық құрылғыларды, желдету мен инженерлік жүйелерді орнату және пайдалану” мамандықтары бойынша жеті топ құрылды.

Жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және экономиканың нақты секторына халықты тартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаны орындау барысында колледж азаматтарға еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықты игеруге жағдай жасайды. Бізде алған дағдылар жұмысқа орналасуға немесе жеке ісін ашуға мүмкіндік береді. Біздің түлектер барлық меншік түріндегі кәсіпорындарда қызметтің әртүрлі салаларында жұмыс істейді, олар сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті болып келеді және ертеңгі күнге сеніммен қарайды.

Ағыбай КӨШІМБАЕВ,

Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің директоры, техника ғылымдарының кандидаты,

PhD докторы, профессор.


Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау