Солтүстік Қазақстан газеті

Ержүрек жеткіншектер

Печать PDF

“Ешкім іштен батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады”, – деген Бауыржан Момышұлының ойын тұжырымдасақ, бүгінгі бейбіт күннің батыры деп танылған өрендердің бойындағы ержүрек мінез бойына сіңірілген қасиет екеніне илана түсеміз. Ақжар ауданының Талшық ауылында болған оқиға жұртты елең еткізді. Онда 16 жасар Нұрислам Жұмабеков суға батып бара жатқан досын құтқарып, өзі мерт болған еді.

argaiv1208

 

Имран Бағдатты да ержүрек жеткіншек деп айта аламыз. Имран – Көкшетау қаласының тұрғыны. Ол Кішкенекөл ауылындағы ата-әжесіне жиі қонаққа келеді. Биылғы жазғы демалысын да осында өткізіп жатыр. Бір күні ол достарымен бассейінде шомылып жүрген кезде өзіне таныс екі жастағы көрші баланың қолдан жасалған құдыққа түсіп кеткенін байқап қалады. Сол сәтте көмекке жетіп, сәбиді ажалдан аман алып қалады. Имран өзі дене жарақатын алып, аудандық ауруханада емделіп шықты. Ал сәби дін аман.


Руслан СӘДУАҚАСОВ,

Уәлиханов ауданының

төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғаныс майоры.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау