Солтүстік Қазақстан газеті

Аулаға асфальт төселді

Печать PDF

Күн сайын көркейіп, құлпыра түскен Қызылжардың аулаларындағы жолдар да жаңартылуда. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың тапсырмасымен бюджет қаражаты есебінен аула жолдарына асфальт төселуде.

argaiv1977

 

Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі сектор меңгерушісінің міндетін атқарушы Амангелді Рақымжановтың айтуынша, қазан айына дейін жалпы ауданы 72 мың шаршы метр болатын 100 аула ішіндегі жолды жөндеу жоспарланған. Бүгінде олардың 65-інде жұмыстар аяқталыпты. Бұл іске мердігер компания – “Казфортис” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің екі бригадасы жұмылдырылған. Солардың бірі Театр көшесі, 154 және 57-үй мекенжайларындағы аулаларға асфальт төсеуде.

Жаңбыр жауса езіліп кететін аула жолдарының жөнделуі – тұрғындардың көптен күткен қуанышы. “Бұған дейін ауладағы жол шұрық-тесік болғандықтан, жауында үйге жету қиынға соғатын. Ақпан айында қала әкімі Марат Тасмағанбетовтің тұрғындармен есепті кездесуінде өтініштілегімізді жеткізген едік. Тілегіміз жерде қалған жоқ”, – деді қала тұрғыны Зағипа Саятова.

Бүгінгі таңда облыс орталығында 400-ге жуық аула бар. Оның сегізіне екі жыл бұрын, ал 107 ауладағы жолға былтыр асфальт төселген.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау