Солтүстік Қазақстан газеті

СУҒА КЕТЕ ЖАЗДАДЫ

Печать PDF

Солтүстiкқазақстандықтар жаз келісімен құбылмалы ауа райы мен су айдындарындағы қауiп-қатерлерге қарамастан, өзен мен көлдердің жағасына қарай асығады. Жыл басынан бері 11 адам суға батса, оның үшеуі – жеткіншек.

argaiv1208

Өткен аптаның сәрсенбісі құтқарушылар әдеттегідей жағажайда кезекшілік атқарып жүрген болатын. Қырағы құтқарушы Еділ Зікірин Есілдің жағасына достарымен келген 25 жастағы жігітті ажалдан аман алып қалды. Ол жігіт үрлемелі матрастың үстіне жатып, су бетінде демалғысы келсе керек. Өзін ағыс әкетіп бара жатқанын, өміріне қауіп төнгенін сезген зардап шегуші жағадағыларды көмекке шақыра бастайды. Құтқарушылар тез арада қайықпен жүзіп жетіп, жігітті жағаға шығарды. Ал құтқарушы-медбике Муршида Обознова жас жігітке қауіпсіздік ережелерін ескертті.


Гүлмира САЛЫҚОВА,

облыстық төтенше жағдайлар

жөніндегі департаменттің “Жедел-құтқару жасағы” ММ бас құтқарушысы.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау