Солтүстік Қазақстан газеті

Мақтаныш сезімі кернеді

Печать PDF

“ЭКСПО – 2017” көрмесі – Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістіктерінің бірі. Көрмеге кірген кезде тап басқа бір әлемге енгендей болдық. Әсіресе, қазақ елінің “Нұр Әлем” деп аталатын ұлттық павильоны көзге бірден түседі. Біз көрмені аралауды ұлттық павильонмен танысудан бастадық. Қазақстан павильонының ең жоғары қабатындағы көрме “Болашақ Астана” деп аталады. Мұнда қойылған үлгіден 2050 жылға қарай Астананың көрікті қалаға айналатынына көз жеткіздік.

argaiv1208

“Ғарыш қуаты” деп аталған жетінші қабаттан еліміздің ғарыш қуатын өндіру жөніндегі ғылыми жобаларымен таныстық. Алтыншы қабатқа қойылған экспонаттар арқылы күн қуаты бұрын қалай игерілгенінен және бүгін қалай қолданылып отырғанынан хабардар болдық. Көрменің бесінші қабаты толықтай жел энергиясына арналыпты. Төртінші қабатта жасыл энергия, яғни биомасса қуатын қалай пайдалануға болатындығына куә болдық. Үшінші қабат кинетикалық энергияның тарихы және оның қолданысы туралы сыр шертсе, екінші қабат судың қуатын пайдалану арқылы қалай қуат көзін алуға болатындығынан хабар береді.

Бірінші қабатқа “Ұлттық павильон” орналасқан. Ол “Қазақстанмен танысу”, “Жасампаз энергия” деген тақырыптарға бөлінген екен. Алғашқы бөлім еліміздің табиғаты, мәдениеті, тарихы туралы сыр шертеді. Ал екінші бөлімде қазақстандық ғалымдардың ғылыми ізденістерімен және “Токамак” термоядролық реакторының қазақстандық моделімен жан-жақты таныстырады.

“Нұр Әлемді” аралағаннан кейін өзге елдердің павильондарына да барып, ғылыми жетістіктерімен және салт-дәстүрлерімен таныстық. “Жүз рет естігеннен, бір рет көрген жақсы” дегендей, жерлестерімді көрмені тамашалауға шақырамын.

Еркебұлан ЕЛУБАЕВ.

Мағжан Жұмабаев ауданы.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау