Солтүстік Қазақстан газеті

“Адал болғым келеді”

Печать PDF

 

argaiv1900

Қызылжар ауданындағы “Березка” лагерінде өскелең ұрпақты адалдыққа баулып, тура жолдан таймауға шақыру мақсатында “Адал болғым келеді” атты квест-ойыны өтті.

Шараға жазғы демалысын осы лагерьде өткізіп жатқан 170-тен астам бала қатысты. Олар квест-ойындарының ережесі бойынша түрлі тапсырмаларды орындау арқылы станциялардан өтті. Соңында “Адал ұрпақ” еріктілер клубының үздік эмблемасын салып жарысты. Сондай-ақ, шараға қатысушы балалар концерттік бағдарлама мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы флешмоб әзірлепті.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев балаларға алғысын білдіріп, оларға дипломдар табыс етті.

Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ,

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің баспасөз хатшысы.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау