Солтүстік Қазақстан газеті

ОТАННЫҢ СЕНІМДІ ҚАЛҚАНЫ

Печать PDF
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толды. Ел қауіпсіздігін әрдайым басты назарда ұстайтын органның мерейтойы ел көлемінде кеңінен аталып өтілуде. Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының ғимаратында кәсіптік мерекеге арналған салтанатты шара өтті. Бұл салтанатқа өңіріміздің құқық қорғау органдарының басшылары мен ардагерлері шақырылды. Жиналғандарды облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтады.

– Тәуелсіздік алған күннен бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бірінші орынға қойды. “Елдің тыныштығын, тұрақтылығын сақтау – бәріміздің қасиетті борышымыз”, – деп қауіпсіздіктің мән-маңызын атап көрсетті. Бұл міндетті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері абыроймен атқарып келеді. Сіздердің тәуелсіз Қазақстанның тұрақтылығы мен тұтастығын сақтаудағы еңбектеріңіз зор. Сіздер лаңкестікпен, экстремизммен, ұйымдасқан қылмыспен және басқа да жасырын қауіп-қатермен күресу бойынша берілген тапсырмаларды мүлтіксіз орындап келесіздер, – деді Құмар Іргебайұлы. Өңірімізде діни экстремизмнің ошақтары мен террорлық көріністер жоқтығын айтқан әкім әрбір бастаған істерін нәтижелі атқарып келе жатқан мамандарға мықты денсаулық, отбасыларына амандық, қызметте табыс тіледі. Бұдан соң өңір басшысы мінсіз қызметі, жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін бір топ қызметкерді Құрмет грамотасымен және Алғыс хатпен марапаттады.

argaiv1934

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің бастығы, генерал-майор Асқар Ақшаев комитет төрағасы Кәрім Мәсімовтың құттықтау хатын оқып, үздіктерге “Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 25 жыл” мерейтойлық медалін табыстады. Еңбегі еленгендердің бірі – Данияр Сибанов қазіргі таңда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болып отырғанын айтты.

Шара жергілікті өнер ұжымдарының концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген Виталий ВЛАСЕНКО.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау