Солтүстік Қазақстан газеті

ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

Печать PDF

Мемлекетіміздің тұтастығы мен демократиялық даму жолында конфессияаралық және этносаралық келісімнің маңызы зор. Әртүрлі этнос пен діни топ өкілдерінің бейбітшілікте өмір сүруі – ел іргесінің негізгі тірегі. Өңірдегі бірлік пен келісімді нығайту мақсатында Достық үйінде облыстық дін істері басқармасының басшысы Мұратбек Зейнуллин мен Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов тәжік этносы өкілдерімен кездесті.

argaiv1900

Жиында облыстағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету, отансүйгіштік пен рухани-мәдени бірлік идеясын қалыптастыру жайы қаралды. Бүгінде елімізде жасампаздық пен келісімді, тұрақтылықты қамтамасыз етіп отырған этностар мен діндер өзара бірлесе әрекет етуде. Әсіресе, діни экстремизм мен терроризмнің және жастар арасында дәстүрлі емес діни ағым идеологиясының таралуының алдын алуға баса назар аударылуда.

Кездесу соңында облыстық “Сомониён Север” тәжік қауымы” қоғамдық бірлестігінің басшысы Анваршох Амиршоев өңіріміздегі тәжік этносы өкілдері конфессияаралық және этносаралық келісімді одан әрі нығайтуға күш салатынын атап өтті.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау