Солтүстік Қазақстан газеті

Бала қауіпсіздігі басты назарда

Печать PDF

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі мен Петропавл қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың мамандары “Достық” балалар сауықтыру лагерінде болды.

argaiv1087

Балғындар олардың назарына “Судағы қауіпсіздік” тақырыбында КВН ойынын ұсынды. Сондай-ақ, өрт сөндірушінің киімін жылдам кию бойынша жарысып, түрлі викториналық сұрақтарға жауап беріп, ұтыс ойынына қатысты. Балалардың сайысына өрт сөндірушілердің өздері төрелік етіп, үздік команданы анықтады.

Кездесу барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, лагерьдің кішкентай демалушылары қонақтарға өз өнерлерін паш етті. Бұған алғыс ретінде төтенше жағдай қызметкерлері өрт сөндіру көлігінің көмегімен балалардың үстіне су шашты. Аптап ыстықта жарысып, әбден қалжыраған жеткіншектер бұл тосын сыйға қуанып, мәз-мейрам болысты.

Владимир ФИЛИППОВ.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау