Солтүстік Қазақстан газеті

Мерекелік құттықтау

Печать PDF

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

argaiv1962

Сіздерді мемлекеттік мереке – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстанның бас шаһары биыл “ЭКСПО – 2017” халықаралық мамандандырылған көрмесін қабылдап отыр. “ЭКСПО – 2017” көрмесі ТМД елдерінде тұңғыш рет өтуде. Бұл, шынымен де, біздің еліміз үшін тарихи оқиға.

Мұндай ауқымды көрмені өткізу идеясын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын. Астананың кандидатурасын 103 елдің өкілдері қолдады. Көрменің арқасында бүгінде барлық халықаралық қауымдастық назары Қазақстанға ауып отыр.

Әлемнің көптеген елдерінің жүз мыңдаған өкілдері елордаға саяхаттап, қаланың көрікті жерлерімен танысып, біздің Отанымыз туралы қызықты мәліметтерге қанығуда.

Астана Еуразияның жүрегі болып табылады. Дәл осы жерде әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, форумдар мен саммиттер өткізіліп, маңызды халықаралық құжаттарға қол қойылуда. Біздің астанамыз мәдениеттердің өзара жақындасуы мен дамуының, жоғары инновацияларды тартудың, дипломатия мен халықаралық ынтымақтастықтың орталығына айналды.

Бірнеше күн бұрын Қазақстанның бас қаласында Дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтайы өтті. Шараның бағдарламасына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласында айтылған тұжырымдар негіз етіп алынды. Форумға 40 мемлекеттен 350 адам, сондай-ақ, бірнеше халықаралық ұйымның өкілдері қатысты.

Бүгінгі таңда Астана өзінің заманауи сәулетімен Тәуелсіздіктің, әртүрлі этностар мәдениетінің достығы мен бірлігінің айқын көрінісіне айналған.

Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің дамуына және бас қаламыздың гүлденуіне айтарлықтай үлесін қосуда.

Қымбатты жерлестер!

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мықты денсаулық, игілік және бақыт, бейбітшілік пен гүлдену тілеймін!

Құмар АҚСАҚАЛОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау