Солтүстік Қазақстан газеті

ЕКІ АУДАННЫҢ ӘКІМДЕРІ АУЫСТЫ

Печать PDF

 

argaiv1962

Кеше Солтүстік Қазақстан облысындағы екі ауданның әкімдері ауысты. Тимирязев және Шал ақын аудандарына жұмыс сапарымен барған өңір басшысы Құмар Ақсақалов Президент Әкімшілігімен келісу және жергілікті мәслихаттардың келісім беруі бойынша тағайындалған әкімдерді аудан активтеріне таныстырып, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Тимирязев ауданының әкімі болып Ербол Болатұлы Сағдиев тағайындалды. Ербол Болатұлы әр жылдары Алматы зооветеринарлық институтын, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тамамдаған. Зоотехник, құрылыс және ауыл шаруашылығы бакалавры мамандықтарын алған. Еңбек жолын Қостанай облысында мемлекеттік ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясынан бастап, кейін Ақмола облысының Зеренді, Атбасар, Сандықтау аудандарында әкім болған. 2015 жылдың мамыр айынан осы тағайындауға дейін Шал ақын ауданының әкімі қызметін атқарған.

Тимирязев ауданының активімен кездескен өңір басшысы Құмар Ақсақалов бұрынғы әкім Еркін Базархановқа ауданның дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, жаңа қызметінде сәттілік тіледі. Ал жаңа тағайындалған әкімге ауданды дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Облыс әкімінің жұмыс сапары Шал ақын ауданында түйінделді. Құмар Іргебайұлы активке ауданның жаңа тағайындалған басшысын таныстырды. Бұл қызметке Нұрлан Орынбасарұлы Есімов кірісті. Ол Жамбыл облысындағы Тараз қаласының тумасы. “Болашақ” бағдарламасының түлегі, Ұлыбританияның Данди университетін тамамдаған. Еңбек жолын “Теміржолжылу” АҚ-да бастап, әр жылдары Бас прокуратурада, “Әскерилендірілген теміржол күзеті” АҚ-да, Инвестициялар және даму министрлігінде қызмет еткен. Осы тағайындауға дейін Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет істеген.

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов жаңа тағайындалған әкімге жұмысына сәттілік тіледі және Шал ақын ауданының әлеуметтік-экономикалық даму әлеуметі зор екеніне тоқталды.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Суретті түсірген

Виталий ВЛАСЕНКО.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау