Солтүстік Қазақстан газеті

Тарих неге сөйлейді кейде өтірік?..

Печать PDF

Көп құпия жүрсе егер ой кетіріп,

argaiv1322

Бастан кешкен Алаштың бейнетін ұқ.

Бет-жүзіңе қарамас әділ деуші ек,

Тарих неге сөйлейді кейде өтірік?


Арысым көп шыға алмай шырғалаңнан,

Бас сүйегін күн мүжіп құмда қалған.

Қасқа маңдай қазаққа қатыстының,

Барлығы да кезінде бұрмаланған.


Зарлы күннен тұрады жетіп ызғар,

Сөзін бөлмей тыңдайтын ретіміз бар.

Жаназасы оқылмай кеткендердің,

Рухына Фатиха оқыңыздар.


Еске алып ем қазасын кіл қыршынның,

Көп азабын өлеңде бір күн сүрдім.

Ұлтан етті-ау ұлтымның ұлыларын,

Құдайсыздар жасаған қуғын-сүргін.


Жасырғасын ел кешкен әр сұмдықты,

Ашылғасын білем деп қанша ұл күтті.

Көлгірсіген тарихтың бетін тіліп,

Уақыт айтып береді бар шындықты.


Дәтімізге осы ойды қуат қылдық,

Қолдағы бар деректі лақтырдық.

Магаданда Мағжанмен бірге болған,

Абдолла қарт сөзіне құлақ түрдік...

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау