Солтүстік Қазақстан газеті

Жұмбақ жаратылыс

Печать PDF

“Сұм өмір абақты ғой саналыға…”

argaiv1293

Сонда бір кеудесінде қамалып ән,

Сол сөзді айтқан екен Мағжан ақын,

Сергімей Сарыарқаның самалына,

Қан тамып қызыл гүлдің сабағынан…


Ем таппай еңіреген есі барға,

Елім деп өткен, шіркін, есіл арда,

Туған жер тұғыр болса бас иерге,

Туысқан тұтқа болмай төс ұрарға.


Сырласы жерде сағым, көкте жұлдыз,

Танымай тегімізді текке жүрміз.

Ұлы дала төсінде – көшпеліміз,

Ұлы өмір көшінде – өтпеліміз.


Мәселе мәнінде ғой мәңгіліктің,

Әйтеуір әнінде емес әңгүдіктің.

Тізгінін ұстау үшін бір сенімнің

Шылбырын үзу керек сан күдіктің.


Мағжанның мұңы мұнар, арманы шың,

Үзілген үміт жіптің жалғап ұшын.

Ол жұмбақ жаратылыс болатұғын

Опасыз мына дүние-жалған үшін.


“Сұм өмір абақты ғой саналыға”,

Сергелдең соқыр соқпақ сан алуан.

Сол сөзді айтқан екен Мағжан ақын,

Сергімей Сарыарқаның самалына,

Қан тамып қызыл гүлдің сабағынан…

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау