Солтүстік Қазақстан газеті

Жарайсыңдар, Қызылжар қажылары!

Печать PDF

Қызылжар қажыларының бесінші парызын орындағандар арасында Қазақстанда бірінші болып ауызашар беруі қасиетті жұма күніне тұспа-тұс келді. “Қызылжар” орталық мешітінің ішіне де (асханасы), сыртына да (ауладағы киіз үйлерге) жайылған көп дастарқан 400-ден артық жамағатты тоғыстырды. Қажылар қайырымдылықтың үлгісін көрсете білді: ауызашарға Смирново қарттар үйі мен жетім балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының бір топ өкілдері арнайы шақырылыпты. Сондай-ақ, бақилық болған қажылардың туыстарының ауызашар дастарқанынан дәм татқандары есте қалатын жайт.

argaiv1582

Ауызашарды ел қажыларының қауымдастығы облыстық филиалының төрағасы Берік Мұқышев кіріспе сөзбен ашты. Саны жүзге жуық қызылжарлық қажылардың сауапты амалына Сапура қажы Әміреқызы, облыстың құрметті азаматы Жақсылық Ысқақов, профессор Зарқын Тайшыбай және басқа да ардагерлер ризашылық білдірді. ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы ақ тілегін арнады.

Ауызашар барысында еңбек ардагері Қымбат Исманова өзінің жаңа кітабын қаладағы қазақ мектептерінің оқушыларына тарту етті. Қажылардың сый-сияпаты да аз болған жоқ. Олар жетім балаларға қомақты қаржы, оған қоса ауызашарға жиналғандарға таспиық сыйлады.

Болат ҚОЖАХМЕТОВ,

“Қызылжар” орталық мешітінің баспасөз хатшысы.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау